Қазақстан жаңалықтары19 қараша 2023, 21:10

Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды

Павлодар облысында жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылды, анасы болған істі мойындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өкінішке қарай, қыздың денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиғаның мән-жайын полициядан біле аласыздар»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Павлодарлық құтқарушылар сонымен қатар қыздың анасының істеген әрекетін мойындағанын жеткізді.

Милана 17 қараша күні Екібастұздан 50 км жердегі Бесқауға ауылында жоғалып кеткен еді. Осы күні кешкісін сағат 9:00-дер шамасында қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Милананы екі тәулік бойы 400 адам іздеді. Тіпті іздеу жұмыстарына тікұшақ пен кинологтар да жұмылдырылды.

жоғалған қыз Милана Павлодар облысы денесі табылды

Тақырыпқа жаңалықтар