Ақмола облысындағы шахтада заңсыз алтын іздеуші көз жұмды
Оқиға Бестөбе кентіндегі шахтада болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция мәліметінше, шахтада тас құлап, заңсыз алтын іздеуші үйінді астында қалған.
Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Полиция «күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша» қылмыстық іс қозғады.
Тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: