Павлодарда ер адам әйелі мен қызын жантүршігерлік жағдайда соққыға жықты

Павлодарда ер адам әйелі мен қызын ұрып, полицейді пышақтаған, деп хабарлайды Arbat.media.

Нәтижесінде отбасылық жанжал кезінде полиция қызметкері пышақ жарақатын алды. Оқиға 19 сәуір күні таңғы сағат 6:30-да болды. «102» нөміріне 15 жастағы қыз қоңырау шалып, әкесінің анасын ұрып жатқанын жылап хабарлаған.

Көпқабатты үйдің подъезінде оларды көз жасына ерік берген мектеп оқушысы қарсы алған. Ол әкесінің өзін де ұрып, кейін анасына қол көтергенін айтты.

«Полиция қызметкерлері пәтерге көтеріліп, 40 жастағы мас ер адамды ұстауға тырысқан. Алайда ол тәртіпке көнбей, қарсылық көрсетіп, капитан Жәкіповті білегінен пышақпен жаралаған. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары күдіктіні залалсыздандырып, ұстауға қол жеткізді. Жарақат алған полиция қызметкеріне дереу медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне қауіп жоқ», — деді полиция өкілдері.

Қыз, әйел, ер адам, Павлодар

Тақырыпқа жаңалықтар