Перизат Қайраттан сотта жауап алынды

Бүгін, 22 шілдеде сотта Перизат Қайрат ісі бойынша жарыссөздер басталады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кеше, 21 шілде күні жабық сотта Перизат Қайраттан жауап алынды. Ал оның анасы жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Астана соттары мәлімдеді.

Астана соттарының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, бүгін заттай дәлелдемелер тексерілген. Сонымен бірге тараптар бірқатар өтінішхат жариялаған.

"Сотталушы Қайрат П.-дан жауап алынды, ал айыпталушы Алашбаева Г. өз құқығын пайдалана отырып, жауап беруден бас тартты. Іс бойынша жарыссөз 2025 жылғы 22 шілде күні сағат 11.00-ге тағайындалды", - делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.

Перизат Қайрат сот Астана

Тақырыпқа жаңалықтар