Петропавлда 52 жастағы ер адам таныс әйелмен жанжалдан кейін қайтыс болды

Полиция мәліметінше, 7 ақпан күні таңертең 52 жастағы ер адам пен 58 жастағы танысы бірге алкоголь ішкен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сол сәтте жанжал туып, ер адам бірінші болып соққы жасаған. Әйел оған жауап ретінде басына бірнеше рет пультпен ұрған.

Келесі күні ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 10 күннен кейін мидың ауыр жарақатынан қайтыс болды.

Әйел ұсталды, қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Петропавл полиция таныс Марқұм

Тақырыпқа жаңалықтар