Петропавлда жартылай жалаңаш ер адам көшедегі жұрттың зәресін ұшырды
Петропавлда жартылай жалаңаш жүрген ер адам көшедегі тұрғындардың зәресін алды, деп хабарлайды Arbat.media Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаға қатысты қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүріп жатыр. Полиция департаменті осыған қатысты мәлімдеме жасады.
«2025 жылғы 16 сәуірде сағат 19:30 шамасында Петропавл қаласының Жамбыл-Чайковский көшелерінің қиылысында полицейлер көшеде сырт киімі жоқ және дене жарақаты көрінетін 33 жастағы ер адамды ұстады.
Жедел медициналық жәрдем бригадасы ер адамды қаланың медициналық мекемелерінің біріне жатқызады.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: