Петропавлдық дәрігерлер денесінің жартысын күйік шалған әйелді құтқарып қалды

Петропавлдық дәрігерлер денесінің жартысын күйік шалған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

30 жастағы келіншек көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген.

Анықталғандай, жертөлені отпен кептіру кезінде жарылыс болған.

Салдарынан жалын денесінің жартысын шарпыған.

Науқас дереу реанимацияға жатқызылды.

Дәрігерлердің арқасында бес күннен кейін жағдайы тұрақтанды.

Әйел ауруханада 20 күн ем қабылдады.

Петропавл Әйел Дәрігер күйік

Тақырыпқа жаңалықтар