Полиция бір топ қырғыз азаматын моншада азаптаған
Мәскеудегі монша кешендерінің бірінде полиция қырғызстандық мигранттарды азаптаған, деп хабарлайды Arbat.media.
Желіде бейнежазба камерасына түсіп қалған кадрлар тарады. Онда құқық қорғау органдары қызметкерлері азиялық ер адамдарға күш көрсетіп, айғайлап жатқанын көруге болады. Моншаның ішінде болған мигранттардың бірі журналистерге оқиғаның шынымен болғанын растап, жағдайдың барлық егжей-тегжейін айтып берді.
Мәскеуде бір айдан астам уақыт такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген Әлихан 10 сәуір кешке ағасымен және немере ағасымен бірге моншаға барған. Шамамен жарты сағаттан кейін олар әлдекімдердің есікті қалай сындырып жатқанын естіген және дүрбелең басталған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: