Қазақстан жаңалықтары6 мамыр 2026, 13:35

Президент: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

Президент елге қорған болу – ең абыройлы қызмет екенін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сардарлар мен сарбаздарды, жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және жеңіс күнімен құттықтады.

«Қос мерекенің мән-мазмұны – үндес, тағылымы – ортақ. Осы мейрамдарда еліміздің ерлік дәстүрі кеңінен дәріптеледі. Біз бұл күндері жұртымызға қорған болып жүрген ерлерге құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз. Қазақ – шекарасын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен бекемдеген қаһарман халық, ержүрек ұлт», – деді Тоқаев.

Тоқаев мамыр Мереке қорған
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар