Президент телерадиокешені «Өлім ошағы» деректі фильмін түсірді
Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені «Өлім ошағы» деректі фильмін түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Фильмде 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға баяндалады.
Апаттың мән-жайын анықтау және шара қолдану үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына барған болатын. Президент бақилық болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға жан-жақты көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ Президент үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бүгін, 29 қазанда отандық телеарналарда «Өлім ошағы» деректі фильмі көрсетіліп жатыр:
▪️«Түркістан» - 17:40
▪️«Хабар 24» - 18:15
▪️ «ОРТ Еуразия» - 18:15
▪️«Жетісу» – 18:45
▪️«Almaty TV» – 18:55
▪️«31» арнасы – 19:00
▪️«Жібек жолы» - 19:30
▪️«КТК» - 20:30
▪️ «Astana TV» - 20:42
▪️«Ел арна» – 20:45
▪️«МИР» - 21:00
▪️«Жетінші арна» - 21:50