Қазақстан жаңалықтары7 ақпан 2024, 12:07

Президент: Үлескерлік құрылыс проблемалары жыл соңына дейін нақты шешімін табу керек

Президент атына үлескерлік құрылыстағы заңсыздықтар туралы шағым көп түсуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай мәмілет айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазір құрылыс саласында сараптама жасауды мемлекеттің иелігіне қайтару мәселесі қызу талқыланып жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет. Құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керек. Бұл – анық дүние. Алайда, мемлекет осы нарықты түгел иемденіп алмауы қажет. Шынайы бәсеке болуға тиіс. Үкімет барлық тараптың мүддесін ескеруі керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдар үлескерлік құрылыстағы былықтарды әлі реттей алмай отырғанын атап өтті.

«Бұл салада үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына, мүлік иелерінің бірлестігін реформалауға қатысты қордаланған мәселелер бар. Азаматтар үнемі шағымданып жатады. Алайда, құзырлы органдар әлі күнге дейін тиісті шара қолданбай отыр. Үкімет бұл мәселе бойынша жыл соңына дейін нақты шешім қабылдауы керек», - деді Президент.

Президент Құрылыс проблемалар

Тақырыпқа жаңалықтар