Путин мен Трамптың Аляскадағы кездесуінен кейін ЕуроОдақ көшбасшылары бірлесіп, ортақ мәлімдеме жасады

Путин мен Трамптың Аляскадағы кездесуінен кейін ЕуроОдақ көшбасшылары бірлесіп, ортақ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Онда Зеленскийдің қатысуымен үшжақты саммит өткізуді күтетіні айтылған.

«Украина тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын тиімді қорғау үшін қауіпсіздік кепілдігі қажет. Президент Трамптың АҚШ қауіпсіздік кепілдігін беруге дайын деген мәлімдемесін қолдаймыз. «Қалаулылар коалициясы» белсенділік танытуға дайын», - делінген мәлімдемеде.

Ал Трамп Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен сөйлескеннен кейін Truth Social парақшасында:

«Ресей мен Украина арасындағы жан түршігерлік соғысты тоқтатудың ең дұрыс жолы – көп жағдайда орындалмайтын атысты тоқтату туралы келісімге емес, тікелей соғысты аяқтайтын бітімгершілік келісімге келу деген пікірді бәрі қолдады. Президент Зеленский дүйсенбі күні түстен кейін Вашингтондағы Сопақ кеңсесіне келеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, біз президент Путинмен кездесуді белгілейміз», - деп жазба қалдырған.

Владимир Зеленский мен Дональд Трамптың кездесуі 18 тамызда Вашингтонда өтеді деп жоспарланған.

АҚШ Путин трамп Келіссөз
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар