Путин Тоқаевқа әкесінің марапаттау қағазын табыстады

Путин Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады.

Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.

Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.

Путин Тоқаев Марапат

Тақырыпқа жаңалықтар