Қанатай Далматов ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Фото: ҚР ҰҚК
QR YQK
Қазақстан жаңалықтары20 қазан 2024, 2:23

Қанатай Далматов ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды",-делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен осы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды.

 

Қанатай Далматов Тағайындау ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары

Тақырыпқа жаңалықтар