Қандықол күйеубала: Сұлтан Сәрсемәлиевке тағы бір айып тағылды
Атырау облысында бір отбасыны өлтірді деген күдіктіге тағы бір бап бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы, “екі немесе одан да көп адамды өлтіру” және “адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық” баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
“Атырау облысының полиция департаменті адам өлтіру, сондай-ақ олардың мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс аясында күдікті ұсталып, оған қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген хабарламада.
Министрлік сотқа дейінгі тергеудің жалғасып жатқанын атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: