Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жедел-іздестіру іс-шаралары Алматы, Шымкент, Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарында өткізілген.

ҰҚК мәліметінше, 62 қару, оның ішінде үш Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және төрт мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген.

Мамандар сәйкестендіруді жүргізіп, 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалар кезінде 10 қару ұрланғанын анықтады. Тергеушілер тексеру жүргізеді.

Қаңтар оқиғасы Қару ҰҚК Әскер

Тақырыпқа жаңалықтар