“Қар аралас жаңбыр”: 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
Кезекті солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.
Тек еліміздің батысы мен орталығында күн ашық болады.
Республика аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, тұман түсуі ықтимал. Сондай-ақ елдің басым бөлігінде 1-3 градус үсік жүреді.
Астанада күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +8+10°C, желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 24 м/с-ге жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +17+19°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +22+24°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.
Айта кетейік, бұған дейін алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған едік.