Қарағандыда қылмыстық топ балалар үйініндегі жастарды бопсалаған
Қарағандыда балалар үйіндегі тәрбиеленушілерден ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
8 қаңтар күні Қарағандыда полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер жәбірленушілердің әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға арналған арнайы мемлекеттік төлемдерін алып келген.
Күдіктілер оларды қорқытып, физикалық күш көрсетіп арнайы шоттардан ақша шешуге, микроқаржы ұйымдарында несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.
Күдіктілерден жүзден астам оқ-дәрі тәркіленді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: