Қарағандыда жасөспірім пышақпен оқушыны қуған
Қарағандыда жасөспірім пышақпен оқушыны қуған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Қазыбек би ауданында болған.
Полицияға жасөспірімнің қолына пышақ ұстап, оқушының соңынан аңдып жүгіргені туралы хабарлама түскен.
«Тексеру кезінде 8 жасар бала үйіне қайтып бара жатқанда, оған қолында пышағы бар 12 жасар жасөспірімнің жүгіргені белгілі болды. Олар көрші болып шықты», - дейді полициядағылар.
Жасөспірім заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция мәліметінше, балалардың заңды өкілдерінің бір-біріне қояр талап-арызы жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: