Қасым-Жомарт Тоқаев: БРИКС-тің көпжақты күш-жігері БҰҰ қызметін толықтыра түседі
Фото: akorda.kz
akorda.kz
Қазақстан жаңалықтары25 қазан 2024, 3:35

Қасым-Жомарт Тоқаев: БРИКС-тің көпжақты күш-жігері БҰҰ қызметін толықтыра түседі

БРИКС даму тұрғысынан мол әлеуетке ие және түрлі құрлықтағы мемлекеттерді біріктіреді. Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Ол өзара ынтымақтастықты нығайтып, ортақ ресурсты тиімді пайдаланатын ұйым қазірдің өзінде халықаралық ауқымдағы жаһандық орталыққа айналып келе жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Президенттің пікірінше, БРИКС-тің көпжақты күш-жігері әмбебап құрылым саналатын БҰҰ қызметін толықтыра түседі. Халықаралық қауымдастық, әсіресе қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға зор ықпал етуде. Бұл ретте Қазақстан да Қытай мен Бразилияның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамасын қолдап әрі геосаяси қысымды төмендетуде ниетті екенін аңғартты. Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығып кетуі мемлекет басшысының алаңдаушылығын тудырып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Біздің ойымызша, қақтығыстың кедейшілік, теңсіздік пен білімсіздік сияқты түп себептерін бірлесіп жою — халықаралық саяси ықпалдастықты нығайтудың негізгі факторы болып қала береді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауды және оның құрамын Африка, Латын Америкасы, Азия елдерінің жаңа мүшелері есебінен кеңейтуді қуаттайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС

Тақырыпқа жаңалықтар