Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
Фото: Ақорда
Aqorda
Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2024, 20:13

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті шақыру Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар