Қазақстан ет индустриясының болашағы Dala.Camp Forum 2026-да талқыланады
Қазақстан ет индустриясын дамыту және сиыр етін экспорттаудың болашақ қарқыны мен бағытын айқындайтын кезеңге аяқ басты. Әлемдік ет тұтынудың өсуі, сұраныстың Азияға ауысуы және жаһандық нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі саладан мемлекеттің, бизнестің және кәсіби қоғамдастықтың нақты, ұзақ мерзімді стратегиясы мен ұтымды шешімдерін талап етеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қазақстанның ет индустриясындағы ірі қара: болашақтың жол картасы» тақырыбында 14-15 ақпан күндері Rixos Burabay-да өтетін Dala Camp Forum 2026 халықаралық мал өсірушілер форумы дәл осы жолға бағытталған.
Форум экспортқа, қайта өңдеуге, тұрақты сату моделіне және Қазақстанның өңірлік көшбасшылығын нығайтуға бағытталған алдағы 10 жылға арналған етті мал шаруашылығын дамыту стратегиясын қалыптастыруды мақсат етеді. Осыған байланысты ұйымдастырушылар атап өткендей, әлемде сиыр етін тұтыну өсуде, ал Азия нарықтары сұраныстың негізгі драйверіне айналып келеді. Ірі қара мен тиімді логистика болған жағдайда Қазақстан ет индустриясының өңірлік орталықтарының бірі ретінде орнығуға мүмкіндік алады.
Dala.Camp Forum Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және алыс шетелден келген 150-ге жуық делегат – фермерлер, репродукторлар, бордақылау алаңдары, қайта өңдеушілер, инвесторлар, салалық сарапшылар, сондай-ақ халықаралық институттардың өкілдерін біріктіреді.
Форумға қатысушылар мен серіктестер қатарында: KUSTO Group, KazBeef, TERRA, «Атамекен» ҰКП, ДЖДҰ, Халықаралық білім беру корпорациясы, «Қазақстан Ангусы» республикалық палатасы, «Қайып Ата» және басқалары бар.
Спикерлер құрамында: ДЖДҰ Бас директорының Халықаралық ғылыми мәселелер және стандарттар жөніндегі орынбасары Монсеррат Арройо Курибрена, «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов, Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев, «ТЕRRА» компаниялар тобының бас директоры Ердос Тапаев, Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Құсайынов, «Қазақстан Ангусы» республикалық палатасының директоры Дәурен Салықов және т.б. бар.
Форум бағдарламасына стратегиялық панельдік сессиялар мен практикалық басқару блоктары кіреді. Экспорттық стратегия, мемлекеттік саясат және қолдау шаралары, инвестициялық модельдер, тірі малға баға қадыптастыру, кадрлық шешімдер, генетика және фермерлік шаруашылықтардың тиімділігін арттыру басты назарда.
Форум аясында Қазақстанның өңірлік және әлемдік нарықтар үшін премиум сиыр етінің әлеуетті өндірушісі ретіндегі рөлі қарастырылады. Ветеринариялық салауаттылық және халықаралық стандарттарға сәйкестік мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Форумның маңызды ерекшелігі оффтейк-келісімшарттар жүйесіне практикалық қолжетімділік болады: жоба алаңында малшылар Turan қауымдастығына мүшелікті рәсімдей алады және аса болжамды және тиімді сату шарттары негізінде ірі сатып алушылармен жұмыс жасай алады.
«Ет экспорты бір реттік мақсат емес, бүкіл сала үшін ұзақ мерзімді міндет. Dala.Camp кәсіби қоғамдастықтың біріктіру нүктесі ретінде құрылады, онда Қазақстанның өңірлік және әлемдік нарықта орнықты тұғырға қалай ие болатыны туралы жалпы түсінік қалыптасады», — деп атап өтті Dala.Camp жобасы және қазақстандық Turan қауымдастығы кіретін Zengi Groupкомпаниялар тобының жетекшісі Жәнібек Кенжебаев.

Форум мерекелік кешкі аспен және қатысушылардың кәсіби нетворкингімен аяқталады.