Қазақстан Газаны қалпына келтіру ісіне қатысады

Тоқаев Қазақстанның Газаны қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында айтты.

Президенттің сөзінше, Қазақстан жоғары іскерлік және кәсіби беделге ие халықаралық компанияларды тарта отырып, өңірді қайта қалпына келтіру мен құрылыс жобаларына атсалысуға ниетті. Атап айтқанда, инфрақұрылым қалыптастыру, тұрғын үйлер мен тұрғын үй кешендерін, мектептер, ауруханалар және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жоспарланып отыр.

 

Сондай-ақ Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, Тоқаев Бейбітшілік кеңесі аясында Трамп атындағы арнайы награда тағайындауды ұсынды.

трамп Тоқаев газа шешім

Тақырыпқа жаңалықтар