Қазақстан мен Ресей шекара мәселесін талқылады
Фото:kzkazan.ru
kzkazan.ru
Қазақстан жаңалықтары5 қараша 2024, 18:00

Қазақстан мен Ресей шекара мәселесін талқылады

Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркация комиссиясының 143-ші отырысы өтті. Тараптар мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Демаркациялаудың қорытынды құжаттарының тиісті жобаларын, сондай-ақ 2025 жылға арналған Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы жұмысының және камералдық жұмыстардың жоспар-кестелерін бекітті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айта кетейік, комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы желтоқсан айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Ресей шекара талқылау

Тақырыпқа жаңалықтар