Қазақстанда фильмдер прокатқа шықпас бұрын тексеріледі
Қазақстанда фильмдер прокатқа шықпас бұрын тексерілетін болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстанда кинофильмдерді кең прокатқа шығармас бұрын алдын ала сараптамадан өткізу ережелері бекітілді. Жаңа талаптар 12 маусымнан бастап күшіне енеді.
Тиісті құжатқа премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойған.
Ережеге сәйкес, фильмді еліміз аумағында көрсету үшін құқық иесі уәкілетті органға кинотеатрларға арналған түпнұсқа нұсқамен бірдей көшірмені ұсынуы қажет.
Прокатқа шығар алдында фильмдерде дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттау, педофилия, порнография, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністері бар-жоғы тексеріледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: