Қазақстанда тағы бір облыс жаңа жұмыс кестесіне көшпек
2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс күнін жарты сағатқа ертерек бастайды, деп хабарлайды Arbat.media.
Жаңа жұмыс кестесіне сәйкес, жұмыс уақыты 08:30-да басталып, 17:30-да аяқталады. Тиісті бұйрыққа облыс әкімі Асхат Шахаров қол қойды.
Ресми хабарламада жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім ұжымдық түрде қабылданғаны айтылған.
Бұған дейін Шығыс қазақстандықтар түгелдей бұрынғы уақыт белдеуіне көшкен болатын.
Өңірдегі 11 ауданның мемлекеттік мекемелері, кәсіпорындары мен әлеуметтік сала қызметкерлері жаңа кесте бойынша жұмыс істейді. Күнделікті жұмыс сағат 08:00-17:30 аралығында. Ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.
Өзгеріс өңірдің табиғи ерекшеліктерімен байланысты. Себебі онда күн ерте шығып, ерте батады.