Қазақстанда тағы бір жер сілкінісі тіркелді
Қазақстанда тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media.
Жер сілкінісі Жамбыл облысында Астана уақытымен 15:08-де болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
▪Құлан ауылында — 3 балл
▪️Меркіде — 2 балл
Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында орналасқан.
Айта кетейік, ШҚО тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«2025 жылғы 25 мамыр күні Астана уақытымен 07:35-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді», – делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: