ШҚО-да жер сілкінді

ШҚО тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«2025 жылғы 25 мамыр күні Астана уақытымен 07:35-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым жерде орналасқан.

Болжамды жер сілкінісінің күші:

• Өскемен қаласында – 2 балл;

• Катонқарағай ауылында – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.

 

Жер сілкіну ШҚО Апат

Тақырыпқа жаңалықтар