Қазақстандағы бензин бағасы әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе төмен

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттап жатқанымен, ол әлі де әлемдік орташа деңгейден айтарлықтай төмен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Ranking.kz порталы GlobalPetrolPrices-тің 2026 жылғы деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, әлемде АИ-95 бензинінің орташа бағасы литріне 1,47 доллар болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,68 долларды құрайды.

Сонымен қатар 2025 жылдың маусымымен салыстырғанда елдегі жанармай бағасы 15,6%-ға өскен. Соған қарамастан Қазақстандағы бензин Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да көрші мемлекеттерге қарағанда әлі де арзан.

Сарапшылардың пікірінше, көрші елдермен арадағы баға айырмашылығы жанармайдың заңсыз сыртқа шығарылу қаупін арттырады.

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 2,5 млн тонна бензин өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға аз. Алайда соңғы он жылда елдегі бензин өндірісі шамамен екі есеге артқан.

Айта кетейік, бұған дейін Reuters агенттігі Ресей мен Қазақстанның 50 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізу мәселесін талқылап жатқанын хабарлаған болатын. Кейін Қазақстан билігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

бензин Баға сапа Қаржы
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар