Қазақстандағы «Пәк қыздар тізімі». Бұл кімге және не үшін қажет?
Қазақстандағы «Пәк қыздар тізімі». Бұл кімге және не үшін қажет? Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің аты-жөні жазылған интернетте пайда болған «пәк қыздар тізімі» төңірегіндегі жанжалды ел билігінің жауабы да тоқтата алмады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW телеграм арнасы жариялады.
ҚазҰУ-дың бір факультетінің деканаты бұған дейін бірнеше курс студенттерінің жалпы тізімін старосталарға жіберіп, кейбірін флюрографияға жіберетін.
Бірақ бұл құжатта студенттердің аты-жөні ғана емес, олардың мекенжайы, телефоны, ЖСН көрсетіліп, кейбір қыздардың аты-жөнінің жанына қыздығына зақым келмегенін гинекологтар virgo деп белгілейді. ҚазҰУ басшылығы кінәні жастарды тексерген медициналық орталыққа жүктеп, қызмет тексеруін жүргізіліп, прокуратураға хабарлама жіберілгенін хабарлады.
Елдің түрлі министрліктері де жауап беріп, жеке деректі та рату және «дәрігерлік құпияны» бұзуға қатысты іс қозғалды. Бірақ полиция бұған нақты кім айыпталғанын көрсетпеді.
Қазақстандық журналистердің пікірінше, билік бұл оқиғаны «жылы жабуға» тырысуда.
Алайда студент қыздардың гинекологқа мұндай тексеруге неліктен жіберілгенінің себебін ешкім түсіндірмеді.
«Бәрімізді осылай істеуге мәжбүрлейді. Егер медициналық орталықта тексерістен өтпесек, емтихан сессиясына кіргізбейміз дейді.Бұл бірінші кезекте қалада тұрмайтын қыздарға қатысты. Қалада ата-анасымен бірге тұратын студенттерге мұндай қатаң талап қойылмайды», - деді ҚазҰУ студенттерінің бірі DW арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, аталмыш тізімді тарату қорқынышты жағдайға әкеліп соқтырды. Мысалы, бейтаныс еркектер қыздарға телефон соғып мазасын алған.
Сонымен бірге университет аталмыш тізім тақырыбын тіпті өз арасында талқылауға үзілді-кесілді тыйым салған.