Қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік 7 жанартауды бағындырды

Қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік 7 жанартауды бағындырып, соңғы шыңға Қазақстанның туын тікті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Альпинист және саяхатшы Ғалымжан Құспанов барлық континенттеріндегі ең биік жанартауларға шығуды көздейтін “7 Вулкан” халықаралық жобасын аяқтаған алғашқы этникалық қазақ және әлемдегі 67-адам атанды.

Құспанов жер шарындағы ең биік жеті жанартау: Сидлей (4285 м, Антарктида), Охос-дель-Саладо (6893 м, Оңтүстік Америка), Гелуве (4368 м, Австралия), Килиманджаро (5895 м, Африка), Эльбрус (5642 м, Еуропа), Демавенд (5609 м, Азия) және Орисабаны (5636 м, Солтүстік Америка) бағындырған.

Қазақстан Жанартау Әлем жоба

Тақырыпқа жаңалықтар