Қазақстандық ғалымдар Ватикан архивіндегі материалдармен танысады
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары8 тамыз 2024, 10:00

Қазақстандық ғалымдар Ватикан архивіндегі материалдармен танысады

Қазақстандық ғалымдар Ватикандағы Апостол кітапханасының мұрағатына барып, бұрын қолжетімсіз болған материалдармен танысады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. Министрдің айтуынша, үш жыл бұрын Қазақстанның Шығыстану институты мен Ватикан кітапханасы арасында келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Биыл біздің ғалымдардың бірінші тобы Римге барып, алғаш рет Апостол кітапханасының жабық мұрағатына рұқсат алады. Бұл 10 ғасырдан бастап біздің аймақтарға келген иезуиттер мен доминикандықтардың миссиялары туралы есептер. Олар арнайы мнемотехника бойынша оқытылған және айлар бойы көрген-білгенін мұқият жазып отырған. Біздің ғалымдарға бұрын жабық болған дереккөздермен танысуға мүмкіндік беріледі, жаңа тарихи фактілер де ашылуы мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Саясат Нұрбек Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының I форумында.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан ғалымдары, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері келді.

 

Қазақстандық ғалымдар Ватикан материалдар Архив

Тақырыпқа жаңалықтар