Қазақстан жаңалықтары18 маусым 2024, 15:00

Қазақстандықтар жаңа үлгідегі жеке куәліктерді ала бастады

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейтінін атап өткен жөн. (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері - 738,4 теңге), - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болып табылады.

Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек құжатының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыруы керек болған кезде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайтынын еске салған жөн.

 

Қазақстандықтар жаңа үлгі жеке куәліктер

Тақырыпқа жаңалықтар