Қазақстандықтардың орташа айлығы 322 мың теңгеге жетті
Биыл жалдамалы жұмысшылардың орташа жалақысы - 322 мың 845 теңге, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ерлердің еңбекақысы - 361 мың 481 теңге, әйелдерде 285 мың 744 теңге.
Елде 3 млн 437 мың жалдамалы жұмысшы бар.
Ең жоғары жалақы Атырау облысында — 530 мың теңгеден астам.
Екінші орында Маңғыстау облысы — 469 мың теңге, үшінші орында — Ұлытау облысы (445 мың теңге.
Ал төменгі жалақы СҚО-да — 227 мың теңге.
Ресми деректерге сәйкес, жалпы экономикада биыл білім деңгейі бойынша қызметшілердің орташа жалақысы келесідей: орта білім — 230 мың 841 теңге, жоғары білім — 398 мың 214 теңге, жоғары оқу орнынан кейінгі білім — 505 170 теңге.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: