Қазақстан жаңалықтары14 қаңтар 2024, 2:07

Қазақстандықтарға Ұлыбританияда маусымдық жұмыс істеу заңды болады

Қазақстандықтарға Ұлыбританияда маусымдық жұмыс істеу заңды болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Көші-қон комитеті қазақстандықтардың Ұлыбританиядағы еңбек белсенділігі мәселелерін талқылады.

«Келісім жобасы біздің азаматтардың Ұлыбританиядағы еңбек қызметін реттеуге бағытталған және қазақстандық жұмысшылардың тең еңбек жағдайы мен құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ заңсыз көші-қонды болдырмайды», - деп хабарлады Еңбек министрлігінің Көші-қон комитеті.

Қол қойылған екіжақты меморандумдар аясында Ұлыбританияның Қырғызстан және Өзбекстанмен осындай жұмысты атқарып жатқаны атап өтілді.

Қазақстандықтар Ұлыбритния жұмыс істеу Заң

Тақырыпқа жаңалықтар