Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатылды
Тоқаевтың бұйрығымен Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.media.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды”, – делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, Дархан Кәлетаев бұл қызметке 2020 жылдың 22 ақпанында тағайындалған болатын.
Сонымен қатар Президент Жарлығымен Төлежан Барлыбаев Қазақстанның Украинадағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: