ҚМДБ Жетісайдағы тойда болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысының Жетісай ауданында өткен тойда қонақтардың бірі музыканы «харам» деп, әншілерді ауыр сөздермен айыптауына байланысты ресми ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Муфтият өкілдері кез келген діни мәселеде өнер адамдары мен әйелдерді бұлайша кемсітуге болмайтынын атап өтті.

«Ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді. Сондықтан қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттама беру дұрыс емес. Сонымен қатар аналарымызды, қыз-келіншектерді бейәдеп сөзбен кемсіту де өрескел қателік деп санаймыз», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

той Әнші қонақ Өнер

Тақырыпқа жаңалықтар