Қазақстан жаңалықтары11 желтоқсан 2023, 13:56

Қостанайда 7 адам қираған үйдің астында қалып қойды

Қостанайда үй опырылып, жеті адам үйінді астында қалып қойған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қостанай қаласындағы Амангелді кентінде бір күн бұрын ғимарат опырылып құлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, онда газ-ауа қоспасы жарылған. 

Ғимарат үйіндісінің астында жеті адам қалған. Екі адам құтқарылды.

Тағы біреуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Хабарланғандай, оның аяғы тақталардың арасына қысылып қалған.

ТЖД жұмыстың өте күрделі екенін нақтылады.

Үй газ-ауа қоспасының жарылысынан кейін қираған.

Қостанайда құлаған үйдің астында бір адам бар.

«Іздестіру-құтқару жұмысында үйінді астынан үш адам шығарылды. Іздеу жалғасуда. Ақпарат түсуіне қарай тағы толықтырылады», — дейді министрлік.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы орган күш-құралдары жұмылдырылды.

Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді.

Облыс әкімі оқиға орнында жүр, арнайы штаб құрылды. 

Куәгерлердің айтуынша, бұл жерде жүк және жеңіл көліктерді жөндейтін жекеменшік аумақ болған. 

Оқиға орнына еріктілер келіп жатыр.

Олар ең қажетті заттар: көрпе, жылы киім, ыстық шай, бауырсақ, т. б. әкелді.

Жедел көмек қызметі 4 адам Қостанай облыстық ауруханасына, 7 адам Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілгенін мәлім етті. Олар орташа дәрежеде жарақат алған. Қажетті шаралардың бәрі істеліп жатыр.

Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, бірақ барлығы жақсы екеніне сенімді болу үшін 3 тұрғын бірнеше күн стационарлық ем алса, тағы үш адам амбулаториялық бақылауда болады.

Зардап шеккен бір адам ауыр халде Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді. 40 жастағы ер адам ми жарақатын алған, тексеру амалдары жүріп жатыр.

 

 

 

Қостанай қираған үй Төтенше оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар