«Құлаған Назарбаев» мүсінін ресейліктер сатып алды
Қазақстандық заманауи суретші Ербосын Мелдібековтің «Құлаған Назарбаев» атты мүсіндері сатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Туындыны Мәскеудегі Garage заманауи өнер мұражайы қомақты қаражатқа сатып алған. Бірақ өнер иесі нақты сатқан бағасын айтпады, Дереккөздердің мәліметінше, мұражай жеке меншікке тиесілі.
Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде наразы халық құлатқан Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің бес қола көшірмесі Талдықорғанда тұр. Автор экс-президент мүсінінің үш секундтағы құлау сәтін бейнелеген.
                                    Бөлісу
                                
                                
                                    Arbat media жаңалықтарына жазылу: