Құрылтай сайлауына жұмсалған қаржының есебі қашан жарияланады?
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник айтып берді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Айтуынша, республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі өңірлердегі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысын төлеуге және сайлауды ұйымдастыруға жұмсалды.
«Сайлау науқаны аяқталғаннан кейін 60 күн ішінде оның қорытындысы шығарылады. 60 күн деп белгіленгенімен, біз бұл жұмысты созбаймыз. Егер есеп ертерек дайын болса, міндетті түрде хабарлаймыз», - деді Михаил Бортник.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуге Үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінген еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: