Қызылордада заңсыз қаржы айналымын ұйымдастырғандар қамауға алынды

Қызылордада заңсыз қаржы айналымын ұйымдастырғандар қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі құралдарын сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында бір жыл бойы кәсіби түрде ақша жымқырумен айналысқан топтың Binance платформасы арқылы цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізгені анықталды. Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы қаржылық айналым 1,88 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған. Заңсыз қаражатқа пәтер, 5 автокөлік сатып алынып, отбасылық мейрамхана салынған.

Қылмыстық іс сотқа жолданып, екі күдікті қамауға алынды.

Қызылорда облыс Қаржы пирамида

Тақырыпқа жаңалықтар