Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2025, 11:35

Ресей Қазақстанға 4 амур жолбарысын береді

Ресей Қазақстанға 4 амур жолбарысын береді. Жануарлар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жеткізіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Жоспар аясында Ресей Қазақстанға 2 аталық және 2 аналық амур жолбарысын өтеусіз береді.

Ресей тарапы ветеринариялық дайындық пен тасымалдауды қамтамасыз етсе, Қазақстан тарапы қарсы алу, орналастыру және мониторинг жүргізу жұмыстарын атқарады.

Ресей Қазақстан Амур жолбарысы Орман

Тақырыпқа жаңалықтар