«Росатом» Өзбекстанда АЭС құрылысын бастап кетті

Жизақ облысында біріктірілген атом электр станциясының алғашқы энергия блогының құрылысы басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Телемост форматында өткен шара барысында Өзбекстандағы құрылыс алаңы Санкт-Петербургпен байланыстырылды. Өзбекстан мен Ресей президенттері алғашқы бетонды құюға рұқсат беріп, станция құрылысына ресми түрде жол ашты.

Өзбекстандағы АЭС жобасы аясында қуаты 1000 МВт болатын екі ірі энергия блогын және әрқайсысының қуаты 55 МВт болатын екі шағын энергия блогын салу жоспарланған. Бұл жоба «Росатомның» шетелде шағын атом электр станцияларын салу бағытындағы алғашқы тәжірибесі болмақ.

Айта кететіні, күні кеше Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барды.

өзбек АЭС Құрылыс Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар