Қазақстан жаңалықтары21 желтоқсан 2023, 12:35

Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды

Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

«Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты айтар болсақ, Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасау туралы қылмыстық іс аясында материал келіп түскені рас. Оның қалай қайтыс болғанына қатысты мән-жайды айта алмаймыз. Қылмыстық іс аясында 12 түрлі сараптама тағайындалды. Оның онының қорытындысы шығарылып, құзырлы органдарға жіберілді. Біреуі осы аптада аяқталады. Ал 12-ші сараптама күні кеше ғана келіп түсті.

Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес, отыз күнтізбелік күнде сараптама өткізілуі тиіс. Сараптама қорытындылары Ішкі істер министрлігіне жолданады», - деді Талғат Уәли.

Салтанат Нүкенова 12 сараптама мәйіт Бишімбаев ісі

Тақырыпқа жаңалықтар