Сауд Арабиясында қар жауды
Сауд Арабиясында қар жауды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сауд Арабиясының бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ тіркелді. Қар таулы аумақтармен қатар шөлді өңірлерде де жауған. Араб түбегі үшін бұл сирек кездесетін табиғи құбылыс.
Сондай-ақ Эр-Рияд қаласында қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Синоптиктердің болжауынша, елдің солтүстік аймақтарында қар аралас жаңбыр бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: