Қазақстан жаңалықтары2 қараша 2023, 10:00

Шахтадағы апатқа кінәлілер тергеліп жатыр

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Костенко шахтасында болған апат бойынша кінәлілер тергеліп, жауапқа тартылатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Кінәлі адамдарға қатысты тиісті тергеу жүріп жатыр. Әрине, барлық кінәлі адам жауапқа тартылады. Өткен жылы қарашада да қайғылы оқиға болған еді. 4 кенші қаза тапты. Ол бойынша тергеу аяқталды. Қазір айыптылар іспен танысуда және жақын арада іс сотқа жіберіледі. Биыл тамызда тағы қайғылы оқиға болды. Бұл жолы 5 кенші мерт болды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Әлихан Смайылов.

«Шенеуніктерге келсек, олар да тергеуге алынады. Үкімет жауапкершілікті сезінеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тағы да көңіл айтқым келеді және кешірім сұраймыз. Бәріміз де ішінара жауап береміз», - дейді Үкімет басшысы.

Костенко шахтасы кінәлілер Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар