Scat-тың Тараз – Екатеринбург рейсінің жолаушылары әуежайда қалып қойды

Scat әуе компаниясының Тараз – Екатеринбург рейсінің жолаушылары кеше кештен бері ұша алмай отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алғашында жолаушыларға ұшақтың ұша алмауы ауа райы салдарынан деп мәлімдеген. Кейінірек борттық компьютердің істен шыққаны айтылған.

Жолаушылардың айтуынша, рейс кеше сағат 17:30-да ұшуы тиіс болған. Кейін ұшу уақыты 22:00-ге ауыстырылған. Сол уақытқа дейін мамандар электрониканы жөндеуге тырысқан, алайда нәтиже болмаған. Осыған байланысты қажетті қосалқы бөлшектер Алматыдан алдыртылған.

Жолаушыларға күту керек екені айтылған.

Алайда қанша уақыт екені белгісіз.

Әуе компаниясы жолаушыларға тек тамақ қана ұсынған. Сондықтан Таразда тұрып қалған жолаушылар түнді тікелей әуежайда өткізуге мәжбүр болған.

Тараз әкежай уақыт Ұшақ

Тақырыпқа жаңалықтар