Семейде итті ағашқа айуандықпен асып өлтіргендер іздестіріліп жатыр

Семейде итті аяусыз өлтіргендер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Белгісіз адамдар итті ағашқа шынжырмен байлап, оның азаптанып өлуін қарап тұрған. Өлген жануарды жаяу жүргіншілер байқап қалған. Ит ағашқа байланған күйде табылған. Жергілікті тұрғындар жануарды тым кеш тауып алғандарына өкінеді, өздігінен босап шығуға еш мүмкіндігі болмаған.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барған. Қазір куәгерлерден жауап алынып, оқиғаға куә болған адамдар іздестіріліп жатыр. Жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбалары да тексеріліп жатыр.

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 2-бөлігі бойынша – "Жануарға қатыгездікпен қарау, оның өліміне алып келу" бойынша Затон полиция бөлімінде тіркелді. Аталған құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", – деді Абай облысы ПД анықтау басқармасының бастығы Талғат Еліков.

Ит, асып, өлтірді

Тақырыпқа жаңалықтар