Қазақстан жаңалықтары20 желтоқсан 2023, 17:12

"Сергектен" сақ бол: енді телефонмен сөйлессең де камераға түседі

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті "Сергек" камералары тағы қандай заңбұзушылықтарды тіркейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ведомствоның төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың сөзіне қарағанда, Алматы мен Астанада құқық бұзушылықтың жаңа түрлері бойынша пилоттық жоба қазірдің өзінде іске қосылған.

«Біз қазірдің өзінде пилоттық жобаны қолданып жатырмыз. Пилоттық режимде кейбір қалаларда, Алматы мен Астанада осындай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Пилоттық жобаны аяқтағаннан кейін бұл мәселені шешуге тырысамыз. Соның ішінде ұялы телефон, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану бар. Біз мұндай заңбұзушылықтарды алдағы уақытта "Сергек" арқылы анықтаймыз», - деді Сұлтанбаев.

 

Сергек ұялы телефон

Тақырыпқа жаңалықтар