Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2025, 12:51

Шерзат Полаттың үйін өртегендер туралы жаңа дерек шықты

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа деректерін бөлісті, деп хабарлайды Arbat.media.

Қойгелдиевтің айтуынша, бұл іс бойынша соталды тергеу әлі жалғасып жатыр.

"Сараптамалардың кең ауқымы жүргізілді деп айта аламын. Бұл сараптамалар бойынша белгілі нәтиже бар. (...) Біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасын жібердік", - деді Қойгелдиев Сенатта өткен брифингте.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, тәртіп сақшылары өрт шыққан күні үй маңында қандай көліктер тұрғанын спутник арқылы анықтамақ.

"Істің толықтығын зерттеу үшін. Сондықтан бұған азғантай уақыт керек болады", - деп қосты Қойгелдиев.

Үй, өрт

Тақырыпқа жаңалықтар